Алматы халықаралық әуежайы (АХӘ) өздіріне айтылған сынға байланысты ешкімді сотқа бермейді. Мұндай хабарламаны АХӘ президенті Айбол Бекмұхамбетов мәлімдеді деп хабарлайды kapital.kz.
Еске салайық, 7 қазан күні БАҚ АХӘ басшылары әуежайға қатысты сын айтқан әлеуметтік желі қолданушыларын сотқа беретіні туралы жазған болатын. Алматы тұрғындарының көпшілігі әуежайдағы тамақ пен судың тым қымбат екенін және заңсыз тұрған такси жүргізушілерінің бассыздығын айтып, наразылық танытқан еді. Алайда, 9 қазан күні әуежай басшылары журналистермен блогерлерді шақырып, істі сотқа жібереміз дегендері артық болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қоғам арасында талқыға түскен сұрақтарға жауап берді.
«Алматы әуежайы – терминал құрылысы кезінде пайда болған жеке алаңдар жұмыс жасайтын ең ірі әуе орталығы. Әуежайдың өзі сотқа, жолаушыларға қызмет жасап, багажды жаңартады, Қауіпсіздікке жауап береді. Жеке кәсіпкерлердің қызметі әуежай жауапкершілігіне кірмейді», - деді Айбол Бекмұхамбетов жоғары баға жағдайына байланысты.
Ал жүргізушілердің мазасыз әрекеті мен бассыздығына байланысты Айбол Бекмұхамбетов әуежайдың өзі осы мәселемен айналысып жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, такси жүргізушілерінің қызметкерлерге қыр көрсетіп, пышақ кезегендері бар.«Біз қызметкерлерге қыр көрсеткендерге қатысты полицияға арыз түсіріп, шара қолдануларын өтіндік. Мұндай жағдай мемлекет пен әуежайдың имиджіне кері әсерін тигізеді. Бірақ қазір жағдай өзгерді. Тәулік бойы полицейлер кезекшілік атқарады. Арнайы такси тұрақтары бар», - деді АХӘ-нің президенті
Әуежай жауапкершілігіндегі автокөлік коятын орындардың қымбат болуы табиғи монополияларды бақылау органдарының қойған бағаларына байланысты. " Мысалы, әуе қауіпсіздік қызметі жыл сайын 250 млн теңге жоғалтады. Бағалар минималды тиімділікке байланысты қойылған", - деді Айбол Бекмұхамбетов.
Әуежайдың кірістері де жоқ емес. Жергілікті басшылық модернизация арқылы әуежайды дамытып жатыр. Шектеулі көру қызметі бойынша ИКАО стандартты технологиясы енгізілген. Бағасы - 400 млн теңге. Ұшып келу-ұшып кету павильондарының жаңа түрі пайдалануға берілді. Бағасы - 610 млн теңге. Рентген қондырғылары (782 млн теңге) сатып алынды. «Соңғы бес жылда рейстердің саны 39 мыңнан 57 мыңға дейін өсті. Әуежайға келіп-кетуші жолаушылардың саны 2,6 млн-нан 5 млн-ға жетті. Жүктің жалпы көрсеткіші 65 мың тоннаға немесе 11%-ға көтерілді», - деді әуежай президенті.