Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда ақылы автотұрақтар жұмыс істейді

Алматыда ақылы автотұрақтар жұмыс істейді

Алматы қаласы бойынша Алмалы, Медеу, Бостандық аудандары аумағында 2500-дей орынға лайықталған 77 ақылы автотұрақ жұмысын бастады. Тұрақта көлік қозғалысын реттеп отыратын, ақы төленгендігін растайтын чекті таратып отыратын паркинг инспекторы қызмет көрсетеді деп жазады Motor.kz.

Чекте көлік нөмірі мен қойылған уақытының құны көрсетіледі. Бір сағаттық тұрақ құны – 100 теңге. Сондай-ақ, автотұрақтар бақылау камераларымен жабдықталған. Алайда тұрақ қызметкерлері көлік қауіпсіздігіне жауап бермейді. Автотұрақ аптасына алты күндік 08-19 жұмыс кестесімен қызмет көрсетеді. Автотұрақ төлемі қолма-қол ақшамен немесе банк карталары арқылы жүзеге асады. Екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер қарастырылған. Тұрақ ақысын төлеуден бас тартқан жағдайда 3 АЕК және 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Келешекте Алматыдағы базарлар маңынан тағы 200 ақылы тұрақ ашылады деп күтілуде.

Похожие материалы