Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда "Абай бол" әлеуметтік жобасы таныстырылды

Алматыда "Абай бол" әлеуметтік жобасы таныстырылды

"Астана Моторс" компаниясының құрамындағы "Hyundai Auto Kazakhstan" дистрибьютері  "Ортақ жол" жол қауіпсіздігі ассоциациясының қолдауымен Алматыда "Абай бол" әлеуметтік жобасын таныстырды.

Жобаның мақсаты - қазақстандық жолдардағы апаттардың көлемін азайту. Қазанның соңына дейін жалғасады және бірнеше бағытта іске асырылады. "Mega Alma-Ata" сауда кешенінің жанында тамыздың соңына дейін балаларға арналған "Жол қозғалысын ірге үйренейік" атты интерактивті сабақтар өткізіледі. Бірінші қыркүйектен бастап қаланың жоғары оқу орындарында студенттерге арналған жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты тренингтер өткізіледі. Ал жүргізушілердің "Mega Alma-Ata" сауда кешендерінің жанында және Hyundai Premium Almaty және Hyundai Auto Almaty дилерлік орталықтарында кәсіби автошабандоздардан сабақ алып, көліктерін тегін техникалық тексеруден өткізе алады. "Жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы туралы Еуропалық баяндамада Қазақстанның жол апатындағы өлім көрсеткіші бойынша еуропалық 40 елдің арасында бірінші орын алатындығы жазылған. Біздің мақсатымыз - осы жағдайды өзгерту. Ол үшін жүргізушілер мен жүргіншілер арасында жол ережесін сақтау туралы ұғымды насихаттау керек. Мұндай қоғамдық ұйымдар еуропалық елдерде жақсы дамыған, енді сол тәжірибені бізге де енгізу қажет",- дейді "Жол қозғалысы" ұйымының президенті Арсен Шакуов. Сондай-ақ "Абай бол" жобасының аясында Hyundai i30 гольф-классындағы автомобилі қаланың проблемалы аймақтарын аралап, алынған мәліметті құқық қорғау органдарына жіберіп отырады. Жаһандық жобасының мақсатында Hyundai Motor компаниясы қайырымдылық мақсатына 3 млн теңге бөліп отыр. Оқушыларға жарық шағылдыратын браслеттер таратылады. "Ортақ жол" ассоциациясының мәліметінше, Қазақстандағы әрбір үшінші жол апаты мегаполисте орын алады екен. ҚР Бас прокуратурасындағы құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша Комитеттің мәліметі бойынша, осы жылдың алғашқы 7 айындағы жол апаттарынан 14 мыңнан астам зардап шеккен. Олардың 2,5 мыңы - балалар мен жасөспірімдер.

Похожие материалы