Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда алғашқы қар тазалау жұмыстары жүргізілуде

Алматыда алғашқы қар тазалау жұмыстары жүргізілуде

2 қараша түнгі 3:00-ден бастап Алматыда қар жауа бастады. Таңғы 8:00-де қар қалыңдығы 7-10 см болды. Қаланың жоғарғы бөлігіндегі таулы аудандарда қар қалыңдығы 25 см-ге дейін жетті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарды тазалауға 390 бірлік арнайы техникамен жабдықталған машина іске қосылды. Соның ішінде 112-сі- құм себетін құрылғылар. Жолдарды тазалауға 570 адам көмекке тартылды. Құм-хлорид төсеу жұмыстары Төле би көшесінің төменгі жағында жүзеге асырылды. Қар жауып жатқан кезеңде 1200 тонна қоспа шашылды. Ерекше назарды жаяу жүргінші жолдарын тазалауға 65 бірлік трактор тартылды. Қазіргі уақытта таудың етегіндегі аудандардан қарды тазарту жұмыстары жүріліп жатыр. 

Похожие материалы