Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Chocofood,  Instashop.kz курьерлерінің жұмысы тоқтады

Алматыда Chocofood,  Instashop.kz курьерлерінің жұмысы тоқтады

Алматыда азық-түлік пен тамақ жеткізуші екі бірдей компания бүгін жұмысын тоқтатты. Себебі қала ішінде жүруге рұқсат берілгендер базасында жоқ болып шыққан, курьерлерді полиция ұстай бастаған. Алайда компания басшылары бұған дейін олардың тізімде болғанын айтады. 

Chocofamily холдингінің басшысы Рамиль Мухоряповтің БАҚ-қа берген сұхбатында айтуынша жетізушілер қала ішінде еркін жүру үшін тізімі құзырлы органдарға берілген. Алайда бүгін жеткізушілердің киімі, қорғаныш құралдары мен планшетте тапсырмалары болғанына қарамастан полиция ұстаған. 

Тура осы жағдайға Instashop.kz жеткізушілері де тап болған. 

Компанияның басқарушы серіктесі Азамат Сейтбековтің айтуынша кешеден бері олардың қызметкерлері базада жоқ болып шыққан. Полиция 30-ға жуық курьерге ескерту берген. Нәтижесінде тапсырыс берген клиенттер күтіп, серіктес мейрамханалар тапсырыстарын дайындап қойып, жеткізілмегеннен кейін шығынға ұшыраған. Ал жетізушілер көшеге шыға алмаған.

Осыған байланысты екі компания да қызметін тоқтатқан. Алайда кешке қарай БАҚ Chocofood басшысы жұмысын қайта жалғастырғанын хабарлаған. Әкімшілік оларды «Сергек» базасына қосыпты. 

Рамиль Мухоряповтың БАҚ-қа сұхбатында айтуынша  Chocofood жұмысын тоқтатуы салдарынан мейрамханалар шамамен 20 млн теңге табыстан айырылған. Ал, мейрамханалардың жеке жеткізу қызметі мен басқа жеткізушілерді қосқанда бұл цифр 200 млн теңгеге баруы мүмкін. 

Ал Instashop.kz бүгін 700 мың теңге таза табыстан айырылған.

Айта кетейік, бүгін E-Polisia базасындағы тізімінің 16 сәуірге дейін ғана жарамды екені белгілі болды. Алматы кәсіперлер палатасы ертеңнен бастап кәсіпкерлерден өтінім қабылдап, 15-нен ары қарай жаңа база іске қосылатыны белгілі болды. 

Похожие материалы