Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда екінші мамандандырылған ХҚО салынады

Алматыда екінші мамандандырылған ХҚО салынады

Алматыдағы екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының нақты салынатын жері белгілі болды. Ол Құлжа күре жолы мен Рысқұлов даңғылының қиылысында орналаспақ. Қазіргі уақытта барлық қажетті құжаттар дайындалып жатыр, жер телімін бөлу жұмыстары басталып кетті.

Халыққа көлік қызметтерін көрсету орталығы 7 гектардай аумақты қамтитындығы белгілі болды. Ғимараттың кескіні байқау арқылы таңдалады. Мердігерлер тарапынан түскен озық сәулеттік ұсыныс құрылыстың бас жоспарына енеді.

"Мұнда индивидуалды жоба болады. Ғимарат салынып, жан-жағында автокөлік тұрағы болады", - деп мәлімдеді Алматы қ. Сәулет және қала құрылысы басқармасы жетекшісінің бірінші орынбасары Жанар Айтілеу.

Ақпарат көзі: "Алматы" телеарнасы

Похожие материалы