Экономика
Алматыда IX Азаматтық форумы өтті
Бүгін Алматыда Азаматтық форум аясында Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының жобасын талқылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы әкімі мемлекеттік органдардың ашықтығы Елбасының бес институционалды реформасы мен Ұлт Жоспары «100 нақты қадамның» бір бөлігі болып табылатындығын атап өтті. Осы мақсатта жасалған құжат жобасы көпшілік талқысына ұсынылды.
Шара аясында Бағдарламаның жеті негізгі бағыттары: қолайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік бағыттағы қала, экономикалық тұрақты қала, бизнес пен жеке капитал, интеграцияланған қала, белсенді азаматтар қаласы бойынша секциялық жиындар өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «МcKinsey&Company» компаниясының қатысуымен жасалған Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының жобасы қала әкімдігінің almaty.gov.kz. ресми сайтында жарияланды.
Атап өтерлік жайт, IX Азаматтық форумы Алматы қаласының даму Бағдарламасын бір ай бойына талқылаудың бастауы болып отыр.Жалпы, құжатпен танысуға және пікірлерін білдіруге ниет еткен жандардың барлығы өз ұсыныстары мен толықтыруларын мына
almaty2020@a-a.kz. электронды поштаға жібере алады.