Познавательный
Алматыда қоғамдық көлікке арналған тағы бір жолақ пайда болды
Алматы қаласында қоғамдық көлікке арналған тағы бір арнайы жолақ салынды. Бұл жөнінде автомобиль жолдары қалалық басқармасы басшысының орынбасары Ғани Мырзаханов баспасөз-брифингі барысында хабарлады.
«Солтүстік айналма жол көшесінің бойындағы жолақтар "Адем" сауда үйінен Бөкейханов көшесінің аралығына салынған. Арнайы жолақ шағын көмкермемен қоршалған. Ол автобустарға керек болған жағдайда қозғалыс жолағын ауыстыруға мүмкіндік береді», - дейді Ғ. Мырзаханов.
Оның айтуынша, көше бойына автобус жүргізушілері мен өзге де көлік жүргізушілерінің тәртібін жақсарту мақсатында бақылау камералары орнатылады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алматы қаласында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ Абай даңғылының бойына салынған еді. Қала басшылығы алдағы уақытта аталған жолақтар санын көбейтуді жоспарлап отыр. Келесі кезекте Мұстафин, Жандосов және Тимирязев көшелері тұр.