Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда сейсмологтар сары деңгейдегі жұмыс режиміне көшті

Алматыда сейсмологтар сары деңгейдегі жұмыс режиміне көшті

Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz - Сейсмология институтындағы зертхана қызметкерлері жұмыстың қатаң бақылау режіміне көшті. Бұл туралы Институттың директоры Әнуар Боранбаев айтты.

Сейсмологтардың болжауынша, қазіргі уақытта Алматы аймағында жоғары балды жер сілкінісі болмайды. Сонда да институт қызметкерлері жағдайды жіті бақылауда ұстайды.

«Бізде 4 болжау зертханасы бар. Бір ғана гидрогеодинамика зертханасында 30 көрсеткіш бар. Атап айтқанда, судың температурасы, судағы газ көлемі, судың құрамы сияқты. Осы көрсеткіштердің сандық моделі графикаға айналады. Барлық зертханадағы графикалық көрсеткіштер жинала келіп белгілі бір қауіптілік нүктесі, дельта анықталады. Қауіптілік нүктесі белгілі бір деңгейден асып кетсе барлық жедел қызметтерге оперативті хабар таратылады», - деді Әнуар Боранбаев.

Маманның айтуынша, қазір зертхана қызметкерлері белгілі бір көрсетіштерді бақылауды жиілете түскен. «Егер бұған дейін белгілі бір көрсеткіштерді, мәселен, 20,8,6 сағатта тіркейтін болсақ, сары режімде әр сағат сайын тіркеледі. Бақылаудың «сары» режіміне көшті деген осы. 7-10 күн ішінде жағдайды жіті қадағалайтын боламыз», - деді ол.

Еске салсақ,  алматылықтар Қытайдағы жер сілкінісін сезінген еді. Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 9 тамызда сағат 5:27-те тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматыдан 490 км жерде, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесі аумағында болған. Еуропа сейсмологиялық орталығының деректері бойынша, зілзала қуаты 7 балға жеткен.

Дереккөз: inform.kz

Похожие материалы