Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда тұңғыш технологиялық фестиваль өтеді

Алматыда тұңғыш технологиялық фестиваль өтеді

2015 жылдың 4 қыркүйегі - 19-20 қыркүйек күндері Алматыда «TECH GARDEN FEST 2015» Тұңғыш технологиялық фестивалі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның (ТДҰА) қолдау көрсетуімен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі AlmatyTechGarden Автономдық кластерлік қорымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

«TECH GARDEN FEST 2015» – бұл жас инноваторларға өз жобасын дамыту үшін инвестицияларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа форматта құрылған тұңғыш технологиялық фестиваль. «Іс-шараның «Идея. Стартап. Капитал» деген ұранында дұрыс стартаптың түсінікті әрі айтарлықтай дұрыс құрылған жұмыс жолы бейнеленген», - дейді Автономдық кластерлік қор бас директоры Санжан Кеттебеков. TECHGARDENFEST 2015 фестивалінің аясында екі негізгі іс-шара - «TechGardenCup» және «TechGardenStartupDay» біріктілген. TechGardenCup – қатысушыларға іс-шара серіктестерінен қажетті технологиялық қолдауды ала отырып олардың технологиялық платформалары негізінде жобаларды құруға мүмкіндік беретін 48 сағаттық Tech марафон. StartupDay аясында Инвесторлар венчурлық академиясының (GVA) семинары өткізіледі. Іс-шараға дейін бір апта бұрын Tech марафонға іріктеп алынған қатысушыларға арнап технологиялық серіктестердің тренингтері өткізіледі. Тренингтердің негізгі мақсаты – жетекші халықаралық компаниялардың технологиялық платформаларымен жұмыс жасаудың негіздерін үйрету. Екі күннің қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар комиссиясы жеңімпаз 25 команданы анықтайды. TechGardenCup байқауының мәресіне жеткендер 5 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде грантқа және AlmatyTechGarden кубогына ие болады.

Похожие материалы