Экономика
Алматыда төтенше жағдайларды жедел хабарлауға арналған мобильді қосымша іске қосылды
Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Мобильді қосымшаны орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады, қазіргі уақытта қосымшаны 2 мың желі пайдаланушысы жүктеген, - деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
«Darmen» қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-ың ұялы қосымшалар арқылы халықты хабарлау тәжірибесі қолданылды. Яғни бірнеше секундтың ішінде Алматының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың /дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б./ туындау қаупі мен пайда болуы туралы халықты хабардар етуге мүмкіндік береді.
Аталған қосымшаны дүкендерден App Store, PIay Market мобильді телефондар қосымшасы үшін «Darmen» деген атпен жүктеуге болады.