Экономика
Алматыда тұрғындарды 15 млн теңгеге алдап кеткен «дөңгелек сатушысы» ұсталды
Алматы. 21 шілде. 7kun.kz – Алматы тұрғындарын Алматылықтарды 15 млн теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД хабарлады.
Ол адамдарға өзін дөңгелектер мен дисктерді тек көтерме жеткізуші ретінде таныстырып, тікелей қоймадан арзан бағаға тауар тауып беремін деп алдаған. 30 жастағы ер адамның алаяқтығы туралы 12 азамат полицияға арызданды.
«Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергелуде. Тергеудің қазіргі кезеңінде жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңгеден асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алатау аудандық ПБ бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Тауар сомасы 500 мыңнан 6 миллион теңгеге дейін жеткен.