Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы "Қарқара" базары сүріледі

Алматыдағы "Қарқара" базары сүріледі

Алматыдағы "Атакент" істер ынтымақтастық орталығы күрделі жөндеуден өтеді.

«Көрме орталығын қайта қалпына келтіру эскиздерін қала құрылысы кеңесінде қарадық. Эксиздер мақұлданды. Енді компания қайта қалпына келтіру жұмыстарының жоспарын, техникалық негіздемелерін дайындап жатыр. Дайын болған соң қайта тұжырым жасау үшін бізге құжаттарды береді. Сондықтан әзірге көрме орталығының жаңа эскиздерінің қалай болатынын нақты айта алмаймыз», - деді Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары Жанат Айтілеу.

Сәулетшінің айтуынша жаңа жоба бойынша "Қарқара" базары сүріледі. Оның орнына жаңа сауда орталығы салынып, ғимарат өртке мен сейсмологиялық  талапқа сай жабдықталады. Жоба иелері "Атакент" маңында орналасқан заңды орындарға тиіспейді. Кафелердің бәрі сәулет құрылысына сай біріктіріледі», - деді сәулетші.

Сондай-ақ, қайта жөндеу жобасы бойынша жаңа спорт алаңдары, медицина орталығы, көрме кешендері және Тимирязев көшесі бойында жер асты көлік гараждары ашылады. «Жаңа нысандардың құрылысы көрме орталығындағы паркті өзгерпейді. Бұл - Алматыдағы танымал парк кешендерінің бірі. Ол жердегі ағаштар кесілмейді», - деді Жанат Айтілеу.

Еске салайық, "Атакент" халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі 1955 жылы Дінмұхамед Қонаевтың бұйрығымен құрылған.

Похожие материалы