Экономика
Выбор редактора
Алматыдағы ең қымбат университеттер тізімі
Жаздың соңғы екі айында жоғары оқу орындарының бәсі биіктейді. Гранттар бөлінісінен кейін, көпшілік ақылы оқу орындарын саралап, ақысын бағамдай бастайды. 7kun.kz оқырмандары үшін ЖОО-лардағы бағаларды іздестіріп көрген едік. Алайда былтырғыдан аса өзгеріс жоқ сияқты. Назарларыңызға Kursiv Research 2014 жылы құрастырған Алматыдағы ең қымбат 25 университеттің рейтингісін ұсынамыз.
Аталған рейтингті қаржылай-экономикалық, гуманитарлық ғылым мамандарын дайындайтын
КИМЭП университеті бастап тұр. Бұл оқу ордасында бизнес, әлеуметтік ғылымдар және заң деген 3 факультет бар. Бакалавр бағдарламасындағы бір кредит бағасы
45 320 тг тұрады. Егер сіз 3 кредиттен тұратын пән таңдасаңыз 135 960 тг жұмсайсыз. Бір жылда кем дегенде 10 пән таңдауға болады. Магистратурадағы баға 2 624 580 теңгеден (42 несие) 3 249 480 теңгеге дейін барады. Басқасына қарағанда халықаралық құқық мамандығы арзанырақ, іскерлік әкімшілік, басқарма кадрлері үшін іскерлік әкімшілік тәрізді бағдарламалар ең қымбат болып табылады.
Екінші орында қаржылай-экономикалық сала, мұнай-газ секторы, ақпараттық технология сферасына мамандар дайындайтын
ҚБТУ тұр. Университетте энергетика және мұнай-газ өндіріс, химиялық өндіріс, ақпараттық технология өндірісі, математика және кибернетика , бизнес мектебі тәрізді 7 факультет бар. Бір кредит бағасы -
32 000 теңге. ҚБТУ сайты арқылы бір жылдағы оқу бағасын есептеуге болады. Оқу құны ҰБТ-да жинаған балл санына, түлек оқыған мектепке, ағылшын тілін білу деңгейі және олимпиадаға қатысуына байланысты. Егер ақпараттық технологиялар факультетін таңдасаңыз жағымды мінездемеңізді есептегендегі баға 700 000 теңгені құрайды. Магистратурадағы оқу құны 1,25 млн теңгеден 1,95 млн теңге аралығында. Ең қымбаты қаржылық-экономикалық сектор, ақпараттық технологиялар мамандықтары деп есептеледі.
Үшінші орында Қазақ ұлттық медициналық
С.Д.Асфендияров атындағы медициналық университет орналасқан. Бұл жерде жалпы медицина, емдеу, педиатрия, әлеуметтік-профилактия, стоматология, фармацевтика және менеджмент деген факультеттер бойынша мамандықтар дайындалады. Оқу ақысы
770 000 теңгені құрайды. Баға қымбат және оқу уақыты сіз таңдаған мамандыққа байланысты әртүрлі болады. Бірақ мемлекет жыл сайын медициналық білім беру орындарына грант бөледі. Магистратура құны әлі белгісіз, қабылдау комиссиясының сөзінше жылына миллион теңге төлеу қажет.
Төртінші орында
Қазақстан-неміс университеті. ЖОО экономикалық ғылым, әлеуметтік және саяси ғылымдар, инженер-экономикалық ғылымдар бойынша мамандар дайындайды. Барлығы 3 факультет бар: экономикалық ғылымдар факультеті, әлеуметтік және саяси ғылымдар факультеті, инженер-экономикалық ғылымдар факультеті. ҚНУ-дағы оқу бағасы -
725 000 теңге. Төртінші және үшінші курстарда оқу бағасы максимум 20 пайызға көтеріледі. Магистратурада оқу құны барлық бағдарламалар бойынша
800 000 теңгені құрайды.
Бесінші орында қаржылай-экономикалық, заң және ақпараттық технология саласында мамандар дайындайтын
МАБ (қазіргі ALMU) тұрақтады. Бакалавриат құны жылына
647 000 теңгеден 797 000 теңге аралығында болады. Ең қымбат мамандықтар - қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит. Туризм және логистика тәрізді бағдарламалар біршама арзан болады.
837 000 теңгеден бастап магистратурада білім алуға болады. Оқу құны таңдаған мамандыққа байланысты болады.
Алтыншы орында отандық білім берудің көшбасшысына айналған
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұр. Бұл жерде барлығы 13 факультет бар. Олар: биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану, журналистика, халықаралық қатынастар, физика, механика-математика және т.б. Университетте оқу үшін жылына
620 000-700 000 теңге аралығында шығындалуыңыз қажет. Бұл жердегі ең қымбат мамандықтар қаржылай-экономикалық саладан табылады. Таңдаған мамандыққа байланысты магистратура бағасы 650 000-700 000 теңге аралығын құрайды.
Қазақстан-ресейлік медициналық университет жетінші орында орналасты. Бұл жерде жалпы медицина, стоматология, фармацевтика, әлеуметтік-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау тәрізді факультеттер бар. Жылдық оқу бағасы -
609 000 теңге. Университетте магистратура жоқ.
Рейтингтегі келесі орында 5 жылдық тарихы бар білім беру мекемесі орналасқан. Осыған қарамастан ол Алматыдағы ең қымбат 10 университет тізіміне кіреді. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) негізгі бағыты - ақпараттық технология. Оқу орнында ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпарат және IT-менеджмент тәрізді факультеттер бар. Журналистика және информатика деген мамандықтар үшін жыл сайын 577 000 теңге төлейсіз. Өзге мамандықтар құны
687 000 теңгені құрайды. 3 курсқа дейін баға 10 пайызға өсіп отырады. Магистратура ақысы барлық мамандықтар үшін
935 000 теңге болады.
9 орын гуманитарлық-экономикалық ЖОО болып табылатын Халықаралық бизнес университетіне (UIB) тиесілі. Қаржы және ақпараттық жүйелер, экономика және есеп, халықаралық қатынастар, журналистика және т.б. мамандықтар бар. Қаржы факультетіне оқу үшін жылына
730 000 теңге, психология, экология, ақпараттық жүйе факультеттері үшін 520 000 теңге төлеу қажет. Профильді магистратура құны - 695 000 теңге, ғылыми-педагогикалық университет құны - 550 000 теңге.
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ университеті 10 орында орналасты. Бұл жерде қаржы және есеп, қолданбалы ғылымдар, экономика және есеп, есеп және статистика тәрізді факультеттер бар. Жылдық оқу ақысы
488 000 - 522 000 теңге аралығын, магистратура
500 000 - 650 000 теңге аралығын құрайды. Қаржы-экономикалық саладағы ең қымбат мамандықтар да осы университеттен табылады.
Рейтинг соңында
Каспий қоғамдық университеті орналасқан. Гуманитария, экономика, инженер, заң бағытындағы мамандықтарды дайындайды. Университеттегі ең қымбат мамандықтар -
мұнай-газ ісі, заң (350 000). Өзге мамандықтарға 250 000-300 000 теңге аралығында төлеу қажет.
Нәтижесінде, оқу құнына ықпал ететін шарттар тізімі:
- Университет статусы. Жекеменшік ЖОО-лар мемлекеттікке қарағанда қымбат тұрады. Шетелдік аккредитациясы мен шетелдік мұғалімдердің болуы да әсер етеді.
- Мамандықтар. Ең қымбат мамандықтар қаржы, бухгалтер, заң, ақпараттық технологиялар салаларына қатысты. Медициналық мамандықтар да осы тізімге жатады. Бұл студенттердің осы мамандықтарды жиі таңдауына байланысты болады.
- Тіл. Шет тілінде білім алу да әлдеқайда қымбат болады. Кейбір ЖОО-дарда орыс тіліне қарағанда қазақ тілінде оқу арзанырақ.
- Оқу бағдарламасы. Кешкі немесе сырттай оқу түрі күндізгі оқуға қарағанда арзан болады, бірақ бағалануы да кем. Профильді магистратураға қарағанда ғылыми-педагогикалық магистратура қымбатырақ. Ғылыми-педагогикалық магистратура 2 жылға, профильді 1,5 жылға созылады. Олардың бағыттары да әртүрлі.
Қазақстан ЖОО-дағы оқу ақысы жыл сайын кем дегенде
10 пайызға өсіп отырады. Бакалаврды орташа құны - 500 000, 600 000 теңге, магистратура - 600 000, 700 000 теңге.