Министрлер кеңесінің ("совминовская") ауруханасы деп те аталатын Алматыдағы ҚР президенті іс басқармасының орталық клиникалық ауруханасы жекеменшікке өтеді деп, дерек көзіне сілтеме жасап, хабарлайды ҚазТАГ.
"Министрлер кеңесінің ауруханасы жекеменшікке өтеді. Оның иесі кім болатындығы әзірше белгісіз. Өзгерістің жанама себептері айқын. Бюджеттік түсімдер екі есе қысқартылды, қызметкерлер құрамының еңбекақысы төмендеуде. Жас дәрігерлерге Астанаға көшу ұсынысы айтылып жатыр, онда іс басқармасы медициналық орталығының құрылысы аяқталып жатыр. Оның ашылуымен, министрлер кеңесі ауруханасының тарихы аяқталады", - деді агенттікке сұхбат беруші.