Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы Сайран көлі қайта абаттандырылды

Алматыдағы Сайран көлі қайта абаттандырылды
 Алматыда Сайран көлін абаттандыруға әкімдік 160 млн теңге жұмсады, деп жазады BNews.kz. Жыл басынан бері 5700 шаршы метр жағажай алаңы көріктендірілді. Шығыс жағалауда 1400 шаршы метр жерге құм төселіпті. «Алматы әкімдігі Алмалы және Әуезов ауданы әкімдіктерінің аппаратына қысқа уақыт ішінде абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл жұмыстар дер кезінде атқарылды. Жағажайды көріктендіру үшін құм Қапшағайдан жеткізілді. Құтқару қызметі мен полиция демалушылардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы кезекшілікте тұр», - деп хабарлады Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Оразалин. Оның айтуынша, көлде демалу тегін. Сайранда күніне орташа 2 мыңға жуық адам шомылады екен. Бұрын негізгі жағажай алаңы тек көлдің шығыс бөлігінде болатын. Абаттандырудан кейін батыс бөлігінде де демалуға мүмкіндік туып отыр, жағжай аумағы 700 метрге дейін кеңейді. Жағажайда қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істейді, мұнда қайықты жалға алуға болады. Киім ілгіштер, әжетханалар, душ орнатылған.  

Похожие материалы