Қазақстанның автокөлік нарығына валюталардың жаңа курсы әсер етпей қоймады. Алматы салондары бағаларды 15-20 пайызға көтерген. Ескі машиналардың да бағасы қымбаттаған. Дилерлердің айтуынша, олар импортаушылармен есептесіп үлгермеген. Жылдың соңына дейін бағалар 50 пайызға дейін өсуі мүмкін деп хабарлайды "Алматы"телеарнасы.
Корей автокөлігін бірнеше апта бұрын 2 млн 800 мың теңгеге сатып алуға болатын болса, жаңа курспен оның бағасы 4 млн теңге болып отыр.
Алматылықтар болса, темір тұлпарды осы бағамен болса да сатып алуға асығуда. Оның ішінде люкс кластағы автокөліктер көптеп сатып алынып жатыр. Осылардың бағасы бәрінен де жоғары көтерілуі мүмкін. Кейбір автосалондарда сатылым 30 пайызға төмендеген.
«Біз өзіміз үшін орташа тұрақты курс ойлап табуға тырысып жатырмыз. Экономикалық болжамдар, шолулар оқимыз, ұзақ мерзімді перспективаны көздейміз. Күн сайын бағаны өзгерте беруге тағы болмайды. Осы жылға арналған болжамдар жағымсыздау болып отыр. Егер жылдың басында жаңа автокөліктер нарығы 130 мың болады деп жоспарласақ, қазіргі таңда 2015 жыл үшін оптимистік болжам 90 мыңды көрсетіп тұр», - дейді сатылымдар бойынша жергілікті директор Михаилс Кветнис.
Автокөлік сатып алуға жақсы балама жеңілдетілген автонесие бола алады. Қазақстандықтар жарты жылда 15 млрд теңгеге автокөлік сатып алған. Бағдарламаның бітуіне аз қалды, десе де әлі жалғасып жатыр. Төменгі пайызбен автокөлік алуға мүмкіндік беру мақсатында Үкімет тағы 10 млрд теңге қаражат бөледі.