Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жаңа веложолдар пайда болады

Алматыда жаңа веложолдар пайда болады

Алматы көшелерін қайта жөндеуден өткізу жобасы аясында Тимирязев, Байтұрсынов және Жандосов көшелерінде веложолдар пайда болады деп жазады Vlast.kz.

Автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, көше-жол жүйесінің құрылысы, қайта жөндеуден өткізуі және қалпына келтіру кезінде веложолдар мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, жоба құрамындағы архитектуралық-жоспарлау тапсырмасы бойынша Тимирязев көшесі, Байтұрсынова көшесі және Жандосов көшесі мен Саин көшесіне дейін және Таусамалы ықшам ауданына дейінші аралықта веложолдар салу жоспарланған". Түрксіб ауданында да осындай өзгерістер енгізіледі. 2016 жылы веложол Байтұрсынов көшесінен Абай даңғылына дейін ұзартылады. Еске салайық, осыған дейін Алматы қаласының әкімшілігі даниялық архитектор Ян Гейлдің «Қала транспорт емес адамдар үшін» деген концепциясына сәйкес Түрксіб және Бостандық аудандарының жобаларын таныстырған еді. Жөндеу жұмыстары Тимирязев көшесінің бойындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да басталып кетті.

Похожие материалы