Экономика
Алматыдағы 6 спорт клубы сатылымға шығарылмақ
2016 жылы спорт жүйесін мемлекет меншігінен алу бағдарламасы басталады. Бұл туралы Алматының физикалық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Наиль Нұров мәлімдеді.
"2016 жылдың мамырында алматылық баскетбол, волейбол, хоккей, гандбол, велоклуб және ұлттық спорт түрлері клубтарын жекешелендіруге шығарамыз. Осы жылдың соңына дейін барлық мекемелерді жеке қолға өткізгіміз келеді. Бұл шаруамен қаланың қаржы басқармасы айналысады", -деді ол.
Бірақ сатылымға шығаратын бір клубтың ғана активі бар: велоклуб трек иеленеді. Дегенмен клубтарды жекеменшікке өткізбекші болып отырған әкімшілік команда мен жаттықтырушылар өз жұмыстарын жалғастырады деп уәде береді.
Қала басшылығы ол клубтардың құнын анықтайтын компания жалдады. Спорт мекемелерінің бағасы 6 млн теңге мен 12 млн теңге аралығында белгіленді. Велосипед клубының құны 200 мың доллар деп бағаланды.
"Велотрек апатты жағдайда тұр. Қазір әкімшіліктің оның жағдайын ретке келтіретін мүмкіндігі жоқ. Бірақ тректі сатып алушының да оны өзгертуге, алып тастауға құқығы жоқ. Ол жерде басқа сервистер түрлері пайда болуы мүмкін, бірақ велотрек өзгеріссіз қалады", -деп түсіндрді Наиль Нұров.
Әкімшіліктің ол клубтарда үлесі болмаса да, мемлекет қаржыландыруын жалғастыра береді. "Мемлекет атап өткен спорт түрлеріне деген қызығушылығын жоғалтқан жоқ. Әкімшілік тек тапсырманы бекітіп, қаржы бөліп, бір жылдан кейін сұрауын алуы керек. Және талаптар да өте қатаң, Алматы әрдайым жүлделі болуы қажет, мұны ешкім кері шегерген жоқ", -деп атап өтті басқарма басшысы.