Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдан Нұр-Сұлтанға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

Алматыдан Нұр-Сұлтанға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның бірінші лоукостері FlyArystan компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының арасындағы тұрақты байланысты 1 мамырда ашады.

Екі мегаполис арасындағы күнделікті әуеқатынас, сыйымдылығы 180 орынды, заманауи реактивті Airbus A320 ұшақтарымен қамтамасыз етіледі. Бір жаққа билет құны, әуежай алымдарымен қоса есептегенде 6999 теңгеден басталады.

2 сәуірден жолаушылар билетті www.flyarystan.com сайтында брондаумен қатар, борттық тағамға тапсырыс беру, жолжүкті сатып алу, приоритетті отырғызу сынды қызмет түрлерін қосымша ала алады.

«Аталмыш бағдар, отандастарымыз асыға күткен рейстердің бірі болатыны сөзсіз. Бұдан былай 2 сағаттан кем уақыт ішінде, небәрі 6999 теңгеге діттеген жеріне кәсіпкерлермен қатар, қарапайым студенттер де ата-аналарына, туған-туысқандарына тез, әрі жеңіл жете алатыны бізді аса қуантады. Cонымен қатар, кең-байтақ Қазақстанның солтүстік пен оңтүстік өңірлерін рахаттанып тамашалап, жергілікті туризмнің дамуына ықпалын тигізеді деп кәміл сенеміз», - дейді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Похожие материалы