Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылықтар қандай кітап оқиды?

Алматылықтар қандай кітап оқиды?

Смартфондар күнделікті өмірімізді жаулап алды дегенмен, парақтап кітап оқуды ешкім жоққа шығарған жоқ. Алматыдағы кітап дүкендері мен кітапханаларға кім барады? Қандай кітаптар оқылады? 7kun.kz толығырақ түсіндіреді.

Тілшілеріміз бірінші болып "Esentai Mall" сауда орталығында орналасқан "Меломан" кітап дүкеніне барды. Бүгінгі таңда көпшіліктің қызыға оқитын үш саланы ерекше атап өтуге болады дейді дүкен әкімшілігі. Бірі - классикалық әдебиет, екіншісі - қаржы, үшіншісі - психология. "Классика ешқашан өшпейтіні анық. Оны барлық жастағылар жарыса оқиды. Ал, қаржылық сауатты ашуға құмар жандардың көбеюі бүгінгі ахуалға байланысты. Психологияны көбіне жасөспірімдерден бастап орта жасқа дейінгі адамдар оқиды" - дейді қызметкерлер.

68

Меломан дүкендерінде ең көп сатылатын кітап - "Шантарам". Грегори Дэвидтің автобиографиялық романына деген сұраныс әлі де болсын жоғары.

62

Әлемде орыс тілінде тек екі данамен шыққан кітап барын білуші ма едіңіз? Он томдық кітаптың құны да өте қомақты - 9 миллион теңге. Бір данасы Ресейде, екіншісі - осы Меломан дүкенінде.

65

Шыны керек, қазақ тіліндегі кітаптардың саны көп емес. Барлық дүкендерде асып кетсе 3-4 сөреде ғана тұрады. Барлық салаға, барлық талғамға сай кітаптар табылғанымен төл әдебиетіміздің туындыларын табу қиынға соғады. Сыйлық ретінде алар болсаңыз, он томдық "Жыр маржанын" алуға болады. Бағасы - 88 590 теңге. Ал, егер қалтаңызға қатты салмақ салмайтынын іздесеңіз, ондайлар да табылады.

66

Қазақша кітаптардың ішінде "Абай жолы", "Көшпенділер" үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ, Мұқағали Мақатаев ақынның әсем жырларына шөлдеп, арнайы іздеп келетіндер де табылады.

61

Дүкенге жиі келетіндердің орташа жасы - 15 пен 40 жас аралығындағы ағайын. Әр жастың талғамы түрліше. Соңғы уақытта аспаздық өнер, сұлулық, ағылшын тілін үйренуге қатысты кеңестер жазылған кітаптар көп оқылады. Сондай-ақ, киносын көргеннен кейін барып қызығушылықтары туындап, түпнұсқамен салыстыратындар да баршылық.

63

Ал, балалар не оқығанды жөн көреді? Көбіне суреттері көп, қаріптері үлкен және дизайны әдемі жасалған кітап тез өтеді. Ата-аналарымен бірге келгенде көзіне түскен кітабын алатындар бар. Сонымен бірге, қандай кітапқа кеңес бересіз деп сатушыдан сұрап, баласының IQ дәрежесін көтергісі келетіндер де көп кездеседі. "Өрмекші адам", "Гарри Поттер", "Кішкентай ханзада", "Ұйқыдағы ару" сынды кітаптар сөремізде тез таусылады. "Сұраныс жоғары болғандықтан, қайтадан әкеліп, самсатып қоямыз" - дейді дүкен әкімшілігі.

Осыдан шығып, С.Бегалин атындағы балалар кітапханасына жол тарттық. Аты айтып тұрғандай, мектеп жасындағы балаларға арналған кітаптардың ең үлкен қоры деп атауға болатын бірден-бір жер.

36

Әр жас санатына орай бөлек залдар бар. Бірінші барғанымыз - мектепке дейінгі жастағы балалар залы. Бұл жерде жүздеген адамның қолынан өтіп, сарғайып кеткен ертегі кітаптарынан бастап, қазіргі заманғы кітаптар да жетерлік. "Бүгінгі балаларды қызықтыра білу керек. Сол себепті иллюстрациялары көп кітаптарды жиі жаздырып алып жатады. Интерактив кітаптар баланы жан-жақты дамытуға да әсерін тигізеді" - дейді кітапхана қызметкері.

42

1-3 сынып аралығындағы балалардың басым көпшілігі жануарлар әлеміне ерекше қызығады. Соның ішінде ер балалар динозаврларға құмар. Мультхикаяларынан бөлек, кітаптарын оқиды. Ол аз болғандай, бәрінің аттарын жаттап, қай жерде өмір сүргендерін де айтып береді.

38

41

Кітапханашылардың айтуынша, балалар мектеп тапсырмасынан бөлек, өз қызығушылықтарымен де кітапханаға келеді.

39

"Ертегілер елінде" атты сериямен шығатын кітаптарды балалар көп оқиды. Орыс тіліндегі ертегілерге сұраныс жоғары. Сырты өте ескі көрінсе де, Ы.Алтынсариннің әңгімелерін оқушылар іздеп келеді. Тағы көп оқылатын авторлардың бірі - Ганс Христиан Андерсен.

40

Балалардың жасы ұлғайған сайын өзіндік талғамдары қалыптаса бастайды. Жасөспірім кезеңде ұл балалар фантастика, шытырман оқиғаға толы кітаптарға үйір болады. Ал, қыз балалар психология, махаббат романдарын оқығанды жақсы көреді. Атап айтқанда, Сесилия Ахерн, Дэниела Стил секілді авторлар көп бойжеткендердің көңілінен шығады.

43

Мектеп бағдарламасындағы тарих пәнінен тыс, балалар тарихи деректерге толы кітаптарды оқып, білімдерін жетілдіреді. Соның ішінде, Шыңғыс хан туралы, Крест жорығы сынды тарихи оқиғалардың желісімен жазылған кітаптарға құмар.

"Махаббат, қызық мол жылдар" - жасөспірімдердің сүйікті кітабы. Бірінің қолынан біріне барады. Кітапхана қызметкерлері Ілияс Есенберлин, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Шерхан Мұртаза, Сәбит Мұқанов сынды авторларды ерекше атап өтті.

69

Балалар кітапханасы болғандықтан, бұл жерден мектеп бағдарламасында кездесетін барлық әдебиттерді таба аласыздар. Кітапханаға келушілердің көп іздейтін тағы бірнеше әдебиеттері бар. Олар - түсіндірме сөздіктер, энциклопедиялар.

46

Кітапханадан кейін "Бастау" кітап дүкеніне телефон шалғанымызда қоңырауға жауап берген қызметкер "жақын арада дүкеннің жабылатынын" айтты. Оның сөзінше, дағдарыс оңай тиіп жатқан жоқ. Тіпті, дүкен кітаптарға 50% жеңілдік жасағанның өзінде сатып алушылар жоқ және кітап оқитындардың қарасы азайған.

Ал "Гулянда" кітап дүкенінің кеңесшісі Гүлнара Темірбаеваның айтуынша, керісінше, орталықта кітаптардың көпшілігі орыс тілінде болғанмен, халық қазақша жазылған кітаптарды жиі сұрайды. "Қазақ тілінде жазылған оқулықтарды сұрап келетіндер көп. Әсіресе әдеби шығармалар жылдам сатылып кетеді", - дейді ол.

48

Қазіргі кезде маркетинг, менеджмент, экономика саласындағы кітаптар көп өтеді екен. Студенттер мен қоса қала тұрғындарының біразы осы секторға қатысты оқулықтарды іздеп келеді.

Дегенмен  соңғы кездегі дағдарыс жағдайына байланысты  дүкеннен кітап сатып алушылардың қарасы азайған. Сырттан келетін кітап бағалары қымбаттаған. "Қазақстандық кітаптардың бағасы өзгеріссіз қалғанымен, Ресейден келетін кітаптардың бағасы 30%-ға өскен", - дейді "Гулянда" дүкенінің кеңесшісі.

5450

Дүкенде балаларға арналған кітаптар жиі өтеді. Бірақ көпшілігі аудама кітаптар. Аударма болуына қарай бағасы да арзан емес. "Балалар әдебиеті бойынша жазатын ақын-жазушылар қатары мүлде аз. Балаларға арналған танымдық кітаптар мен шығармаларды жиі кездестіре алмаймыз. Көбіне аударма әңгімелер жинағын ұсынамыз", - дейді ол.

52

"Алматыкітап" баспасы маркетинг бойынша басқарма бастығы Бүбіхан Шакиева да осындай пікірде. Оның айтуынша, балалардың ой-өрісін дамытатын, білім деңгейін тереңдететін салалық танымдық кітаптар жоқтың қасы. "Өкінішке орай, шетелдердегідей көркем безендірілген, балалар ұғымына сай тілмен жазылған кітаптар жоқ десе болады. Біздің ғалым ағаларымыз бен апайларымыз осы тақырыпта еңбек етсе деген өтініш бар", - дейді ол.

55

Баспа осындай кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында халықаралық көрмелерде (Мәскеу, Франкфурт, Балони т.б.) үздік кітаптар тауып, баспаның құқығын сатып алып, Қазақстан аумағында қазақ және орыс тілдеріне аударып шығаруды қолға алған.

57

Жалпы баспаның басты бағыты – балалар әдебиеті, оның ішінде танымдық кітаптар шығару. Қазіргі кезде «Мектеп кітапханасы» деген топтамамен Абай, Шоқан, Ыбырай, Ескен Елубаев, Оразақын Асқар, Қадыр Мырзаәлі, Қастек Баянбай, Зейнеп Ахметова, Жақан Смақовтың кітаптары көркем безендіріліп шығарылған.

60

Сондай-ақ, орталық Ұлыбританияның «Дорленг Киндерсли» баспасының қазақ тіліне аударылған танымдық кітаптарын балаларға ұсынып отыр. Бұл баспаның танымдық кітаптары әлемнің 50-ден астам тіліне аударылған, кітаптардың безендірілуі көркем, ғылым саласын жатық-түсінікті тілмен берілген.58

Баспагер Қазақстанда ауқымды типографияның болмауы бізге қолбайлау болып отыр дегенді айтады. "Көркем, балаларға қызықты кітаптарды шығару үшін Түркия мен Қытайға барамыз. Ол жақтың сапасы жақсы. Бірақ бұның бәрін шығын деуге болады. Сондықтан өз елімізде үлкен баспа орталығын ашатын болса, қаржы өзімізде қалар еді", - дейді Бүбіхан Шакиева.

Маржан НҮСІПБЕК, Жадыра АҚҚАЙЫР, Дарын ШӨКЕНОВ "7"

Похожие материалы