Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылық бизнесмен қазақ тіліндегі фильмді көрсету үшін кинотеатрдағы залды сатып алды

Алматылық бизнесмен қазақ тіліндегі фильмді көрсету үшін кинотеатрдағы залды сатып алды

Бизнесмен Қуаныш Шоңбай «16 қыз» фильмін прайм-тайм уақытында көрсету үшін Chaplin кинотеатрындағы залдың билетін толық сатып алды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Бұл арқылы кәсіпкер қазақ тіліндегі фильмдердің прайм-тайм уақытында көрсетілмейтініне назар аудартқысы келген.

«Жұртшылық пен блогерлер қазақ тіліндегі фильмдерді прокатқа шығарушылардың кинотеатрға адам келмейтін уақытқа, таңғы 10-ға қоятыны туралы жиі шағым айтады. Мен кинотеатрларға кешкі уақыттағы көрсетілім үшін залдағы билетті түгел сатып алатыным туралы ұсыныс жасадым. Қазақ киносы қызық әрі жақсы прокат жинай алатыны туралы көрсеткім келді. Осылай азаматтық ұстаным көрсетуді шештім», -дейді Қуаныш Шоңбай.

Ол тіл мәселесін кешенді түрде шешу қажет дейді. «Мемлекеттің айналысуы керектігі түсінікті нәрсе. Бірақ, біз белсенді азаматтар ретінде мұны күтпеуіміз керек. Кеннеди айтқандай біз отанымыздан не алатынымыз туралы емес, мемлекетке не бере алатынымыз туралы ойлану қажет. Бірнеше ой, жобалар бар. Көпшіліктің күшімен қазақ тілін, мәдениеті мен киносын дамыта аламыз деп ойлаймын», -дейді Қ.Шоңбай.

Кәсіпкердің қолдауымен Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» комедиясы бүгін 19.30-да Chaplin кинотеатрында көрсетілмек. Кіру тегін. Тек мына жазбаның астына өз қалауыңызды пікір ретінде қалдыру қажет. «Кіру тегін, бірақ қаласаңыз билет сомасына балалар үйінен келетін кішкентай көрермендер (40 бала) үшін попкорн, сусын сатып берсеңіз болады» деп жазады кәсіпкер өз жазбасында.

Кәсіпкердің бастамасын белгілі блогшы жастар да қолдап отыр. Қазақ тілін үйренушілерге арнап "Бас қосу" жобасын ұйымдастырып жүрген блогшы Бақытжан Бұқарбай бұл бастаманы қолдау қажет дейді. "Қуаныштың қазақ тілі мен мәдениетін қолдау бағытындағы бірінші бастамасы емес.  "Бас қосу" жобасына қолдау білдіріп жүр. Біз де оның бастамаларына үлес қосуға тырысып жатырмыз. Осылай бір-бірімізді демеу, қолдау арқылы қоғамды алға дамыта аламыз",- дейді Бақытжан Бұқарбай.

Похожие материалы