Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының орталығына өтетін жолдар ақылы болмақ

Алматының орталығына өтетін жолдар ақылы болмақ

Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, жуырда Саин, әл-Фараби және ШААЖ (шығыс айналма автокөлік жолы) бойынша жүру үшін ақы төлеу жөніндегі жүйенің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталады, кезекте кейбір қала аудандарына өтуді ақылы қылу. Сол аудандарда тұратындар жеңілдіктерге ие болады, ал қалғандары белгіленген шекараны асқаны үшін ақша төлеуі тиіс болады.

Шенеуніктің сөзіне сүйенсек, Алматының орталығы дуалдармен қоршалып, көшелер шлагбаумдармен бөгелмейді. Жай ғана барлық кіреберіс жолдарда есептегіштер мен бейнекамералар орнатылатын болады.

Орталықта тұратын, жұмыс істейтін немесе онда жиі қатынайтын көлік иелері транспондерлерді (жолдың ақылы жерлерін пайдалану үшін жеке шоттан ақша алуға мүмкіндік беретін, дербес коды бар қабылдап-табыстаушы құрылғы) алуларына тура келеді. Тегін айдап өткісі келетіндер айыппұл төлейтін болады.

"Қала билігінің саясаты Алматының кейбір аудандарынан жеке автокөліктерді шығарып, тұрғындарды қоғамдық автокөлікке көшуіне жағдай жасау", - деп түсіндірді әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар Юрий Ильин қай аудандарды ақылы ету мәселесі халықпен талқыланатындығын уәде етті.

Ақпарат көзі: kolesa.kz

Похожие материалы