Алматы. 09 тамыз. 7kun.kz — 8 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша алтын бағасы бір троялық унциясы үшін 1 515 доллардар асты.
Осылайша, алғаш рет қымбат металдың бағасы 2013 жылдан бастап ең жоғары деңгейге көтерілді. 2013 жылы алтын 1577 долларға сатылды.
Алтын аптаның басында COMEX биржасында бір троялық унция үшін 1476,5 долларға сатылды, ал бүгін оның құны 1518 долларды құрады және өсім жалғасруда. Жыл басынан бері өсім 14,3%-ды құрады.
Шетелдік сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының эскалациясы қаупі аясында қорғаныс активтеріне деген жоғары сұраныстың арқасында баға көтерілді. Сондай-ақ, оған әлемнің жетекші орталық банктері тарапынан ақша-кредит саясатын жеңілдетуді күтуі әсер етеді.
Ұлттық банктің сайтында көрсетілген металдың бір граммының құны 8 тамызда 18,5 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, күміс сауда қорытындысы бойынша 17,01 долларға дейін, ал мыс - фунт үшін 2,6 долларға дейін қымбаттады.
Еске сала кетейік,сарапшылар алтын нарығын қолдап отыр. Сондай-ақ, қымбат металдың бағасы күзде 1500 долларға дейін өседі деп болжайды.
Алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің деректеріне сәйкес, құнды металдың көлемі 2019 жылдың 1 тамызында 375,3 тоннаны құрады. Қазақстан алтын қоры бойынша 100 елдің ішінде 15 орынды сақтап отыр.