Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Алтын орда" базары 1 миллиард теңгеден астам салық төлемеген

"Алтын орда" базары 1 миллиард теңгеден астам салық төлемеген

ҚР сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков “Алтын орда” базарын тексеру жұмыстары аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz

Қазір аталған комитет 114 сауда базарында қатаң тексеріс жүргізіп жатыр.

"Алтын орда" базарына жүргізілген жедел тексеру жұмыстары аяқталып жатыр. Бақылау нәтижелері бойынша көптеген заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде салық заңнамасы бойынша өсімпұл есептелгенге дейінгі сома қазірдің өзінде 1,1 млрд теңгеден асып кеткен. Салық салынатын базаны төмендетіп көрсету фактілері көп. Бақылау-кассалық аппараттары жоқ. Одан басқа да кемшіліктер бар. Сондай-ақ, фитосанитарлық және ветеринарлық нормалар да бұзылған", - деді Айдар Әбілдабеков сәрсенбі күнгі брифингте.

Тексеру жұмыстары толық аяқталған соң оның нәтижесі сауда-сақттық қызметін реттеу туралы заңға өзгерістер енгізуге негіз болады екен. Сол арқылы сауда жасау процесі реттелмек. Одан бөлек, аталған комитет сауда орталықтарының иесін базардың орналасу реті мен халыққа қолайлылығын жөнге келтіруді міндеттемек.

Наурыз айыны басында аймақаралық комиссия «Алтын Орда» базарын тексеруді бастаған. Бұл базардан Алматы қаласына кіретін ет пен жеміс-жидек, көкөністің үлесі 80 % құрайды.   

Похожие материалы