Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Алтын Орда" базарының жолы алты жолақты болмақ

"Алтын Орда" базарының жолы алты жолақты болмақ

Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарының жолы алты жолақты қозғалысқа арналып салынады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта Абай ауылы маңындағы Алматы - Бішкек және "Алтын Орда" базарының  автокөлік жолдарын кеңейту жұмысы туралы жоба жүргізіліп жатыр. Алматы шекарасынан Үлкен Алматы айналма жолының қиылысына дейінгі аумақты алты жолақты қылу туралы жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жалпы жол ұзындығы 13 шақырымды құрайды",- делінген хабарламада. Сонымен қатар өзге аумақтарда, Абай және Іргелі ауылдарына апаратын жолдарға әртүрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстары жоспарланып жатыр."ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының Алматы филиалының сапа бақылауы бөлімінің бас маманы Рысбек Жұмаділовтың айтуынша, жобалық-сметалық құжатты жасауға кем дегенде 6 ай қажет. Жобаға жұмсалатын қаражат жобалау және іздестіру жұмыстарының нәтижелері бойынша анықталады. "Біздің тәжірибеміз бойынша, бір шақырым аумаққа 400-600 млн теңге аралығында қаржы кетеді", - деп атап өтті ол. Естеріңізге салсақ, қазіргі уақытта "ҚазАвтоЖол" ҰҚ Алматы-Өскемен автокөлік жолының Алматы шекарасынан Талдықорған қаласына дейінгі  245 шақырымдық аумағына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба 2016 жылы аяқталуы қажет.

Похожие материалы