Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Amazon сәлемдемелерді жеткізу үшін 15 ұшақты жалға алады

Amazon сәлемдемелерді жеткізу үшін 15 ұшақты жалға алады

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – Әлемдегі ең ірі интернет-ритейлер Amazon.com Inc. General Electric Co компаниясына тиесілі GE Capital Aviation Services (GECAS) лизингтік компаниясы арқылы 15 Boeing 737-800 жүк ұшағын жалға алу туралы келісімшарт жасады, - деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Бұл туралы компанияның хабарламасында айтылған. Amazon-ның жаһандық операциялар жөніндегі аға вице-президенті Дэйв Кларктың айтуынша, 2021 жылға қарай Amazon Air әуекомпаниясындағы ұшақтардың жалпы саны 70-ке жетеді. 

«Boeing 737-800 ұшақтарының қуаты Amazon-ның клиенттеріне тапсырыстарын жеткізу мүмкіндігін жақсартады», – деді GECAS жүк тасымалы бағдарламасы жөніндегі вице-президенті Ричард Гринер.  

Ресми биржа сессиясын ашу алдында Amazon-ның акциялары 0,95%-ға қымбаттап, Boeing акциялары 1,26%-ға нығаюда.

Похожие материалы