«Америкада жасалған» шынайы оқиғаға негізделген фильмі прокатқа шықты
Алматы. 12 қазан. 7kun.kz — 11 қазанда UNIVERSAL PICTURES студиясы, «Sulpak Cinema» компаниясы және Lumiera Cinema кинотеатры прокатқа бүгін шығатын Даг Лайманның басты рөлде Том Круз ойнайтын «Америкада жасалған» («Made in America») фильмінің алдын ала жабық көрсетілімін өткізді.
Даг Лайманның шынайы оқиғаға негізделген өткір сюжетті қылмыстық жаңа фильмі бойынша Том Круз ұшқыш Барри Сил деген колумбиялық картельдің есірткі тасымалдаушысы және ОББ (ЦРУ) барлаушысын сомдайды.
[caption id="attachment_77881" align="alignleft" width="300"] Фото: scontent-arn2-1.xx.fbcdn.net[/caption]Барри Сил 1966 жылы "Боинг 747" ұшағының ең жас пилоты болды, сол кезде ол 27 жаста еді. Алайда оның азаматтық ұшқыш ретіндегі карьерасы ұзаққа бармады. Ол лицензиясынан айырылып, Медельин картелімен байланысады. Барри Латын Америкасынан АҚШ-қа дейінгі есірткі трафигінің маңызды бөлігінің негізін қалайды. Осылайша сол уақыттың ең ірі есірткі курьері болып шыға келеді. Ал қалған уақытта Орталық барлау басқармасының тапсырмаларын орындайды.
Сил колумбиялық ауданға бағытталған рейстердің жиі ұшуы есебінен есірткіні тасымалдап қана қоймай, сол жердегі коммунистерге қарайласып, ОББ тапсырмаларын орындайды.
[caption id="attachment_77879" align="alignright" width="300"] Фото: scontent-arn2-1.xx.fbcdn.net[/caption]Барри Сил өткен ғасырдың 70-80 жылдары азаматтық авиациядан кеткеннен кейін өз ұшағы, тіпті өз аэродромы болған, әрі әрбір рейсі үшін қосымша 500 мыңнан 1,5 миллион долларға дейін ақша табатын авиация тарихындағы ең бай ұшқыш болды деуге болады.
Жылы: 2017 Елі: АҚШ Режиссері: Даг Лайман Басты рөлдерде: Том Круз, Донал Глисон, Джесси Племонс, Сара Райт, Калеб Лэндри Джонс, Джейма Мейс, Э. Роджер Митчелл, Лола Кёрк, Алехандро Эдда, Бенито Мартинес Сценарийі: Гэри Спинелли Продюсері: Брайан Грейзер, Брайан Оливер, Ким Рот, Даг Дэвисон Жанры: Комедия, Драма, Триллер, Боевик, Тарихи, Қылмыстық, Өмірбаян Бюджеті: $50 000 000 Әлемдік табысы: $87 032 893 Әлемдік премьерасы: 18 тамыз 2017 Қазақстандағы премьерасы: 12 қазан 2017 Ұзақтығы: 115 минут