Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Америкалықтар селфи сүйерлерге селфи-қасық шығарды

Америкалықтар селфи сүйерлерге селфи-қасық шығарды

Селфи сүйер қауым үшін жаңа девайс жасалды. Таңғы ас әзірлейтін америкалық өндіруші селфи-қасық шығарды. Смартфонға арналған 75 сантиметрлік ұстағыш арқылы әрі тамақ ішіп, әрі суретке түсуге болады. Бұл жөнінде МИР 24 жазады.

Осылайша, сіздің не жеп отырғаныңызды әлеуметтік желідегі достарыңыз сол сәтте-ақ көре алады. Тамақ па, селфи ма таңдаудың қажеті жоқ. Бір оқпен екі қоянды атуға болады дейді жарнамасында. Селфи-қасықты өндірушінің сайтынан алуға болады. Сіз тек жеткізгені үшін ғана төлейсіз. Девайс болса - тегін. Осыған дейін АҚШ-та селфи-туфли шыққан еді. Оған смартфонды бекітіп, төменнен автопорттер түсіруге болады. Бұндай құрал 200 доллар тұрады.

Похожие материалы