Ғани Өзбеков Capital Bank-тің басқарма төрағасы қызметінен кетті
11 апреля, 2017
Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz -Capital Bank-тің басқарма төрағасы Ғани Өзбеков қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды.
«Capital Bank Kazakhstan СЕО-сы ретіндегі соңғы күнім. Банкті басқаруды келесі басқарма төрағасына тапсырдым. Бірігу қарқынды жүруде. Әлі де (бірігу-ред.) барлығының еш қиындықсыз, әсіресе клиенттерге ауыртпалықсыз өтуі үшін біраз жұмыс жасау керек», деп жазған Өзбеков мырза бұрынғы әріптестеріне алғыс айтқан.Forbes.kz-тің жазуына қарағанда Capital Bank-ті Tengri Bank-тің басқарма төрағасының орынбасары Бахтияр Ильясов басқарады. Алдағы уақытта оның кандидатурасын Ұлттық банк мақұлдауы керек.Еске салайық, 13 наурыз күні «Tengri Bank» АҚ мен «Capital Bank Kazakhstan» АҚ бірігу туралы меморандумға қол қойған еді. Екі банк біріккен жағдайда капиталы 43,2 млрд теңгені құрап, екінші деңгейлі банктер арасында 17 орынға көтерілуге мүмкіндік береді.