Apple компаниясы экран мен сенсорлы панелі бар ақылды сақинаны патенттеді. Ол басқа электронды құрылғылармен әрекеттесе алады. Хабарлама америкалық патент ведомствасының сайтында жазылған деп хабарлайды lenta.ru
Хабарламаға сай, ақылды сақина смартфоннан ақпаратты қабылдап, өз экранына шығарады. Сондай-ақ, сенсорлы панель арқылы телефон функцияларын басқаруға болады. Бұдан бөлек гаджетке микрафон орналастырылады және сақина тағылған саусақты қозғалту арқылы жазба мәтіндерді тануға болады.
Бірақ Apple-дың сақинаны шығару ойы туралы әзірге ақпарат жоқ. Патенттің болуы компания құрылғыны жасайды дегенге кепілдік бермейді.
Қазіргі таңда сақинаға ұқсас бірнеше модельдер өндірушілер жағынан бар деуге болады деп жазады The Verge. Олар басқа құрылғылармен Bluetooth арқылы байланысады. Алайда бірде бірі әлі таныла қойған жоқ.