Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple-дің автомобиль шығаратыны шындық сияқты

Apple-дің автомобиль шығаратыны  шындық сияқты

Apple Inc автомобиль құрастырып жатқандығы туралы қауесеттерді одан әрі қыздыра түсті, деп жазады The Wall Street Journal.

Apple-дің операциялар бойынша аға вице-президенті Джефф Уильямс Code Conference кезінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, автомобильді "басты мобильді құрылғы" деп атады. "Автомобиль басты мобильді құрылғы, солай емес пе?", - деді Дж.Уильямс компания көлемі 200 млрд доллар болатын еркін қаржыны қалай пайдаланады деген сұраққа жауап бере отырып. -Біз барлық категорияларды қарастырып жатырмыз". Оның түсіндіруінше, Apple өзінің тұтынушыларына iPhone-дағы ақпаратты автомобиль панеліне шығаруға мүмкіндік беретін CarPlay ақпараттық-сауықтық жүйені ұсынып отыр. General Motors, Ford және  Hyundai тәрізді автоөндірушілер CarPlay-ды келесі жылы көліктеріне енгізетіндіктерін хабарлады. Осыған дейін Financial Times басылымын қосқанда бірнеше БАҚ-тар Apple-дің өзіндік электромобилін құрастырып жатқандығын жазған еді. Дж.Уильям да, оның әріптестері де бұл қауесеттерге қатысты пікір айтқан жоқ.   2013 жылы Apple басшысы Тим Кук қолданбалы құрылғылар саласындағы технологиялардың іске асыру мүмкін екендігін мәлімдеді. 1 жылдан кейін  Apple Watch шығарылды. Дж. Уильям апта ортасында  Apple Watch сатылымдары "фантастикалық" сипатта сатылып жатқандығын мәлімдеді. Оның атап өтуінше, келесі айда Apple-дің ақылды сағаттарының қосымшалары үшін жаңа құралдар шығарылады.

Похожие материалы