Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple iPhone 8, iPhone 8 Plus және iPhone X смартфондарын таныстырды

Apple iPhone 8, iPhone 8 Plus және iPhone X смартфондарын таныстырды

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kzApple  компаниясы бүгін iPhone 8, iPhone 8 Plus, iPhone X  смартфондарын және жаңа Apple Watch пен 4К өлшемді қолдайтын Apple TV-ны таныстырды.

Көпшілік күткен ең негізгі өнім- iPhone 8 моделі бір негізгі камера мен 4,7 дюймді дисплейге ие. Ал iPhone 8 Plus экранының диагоналі 5,8 дюйм, екі камерамен жабдықталған. Екі құрылғы да A11 Bionic жаңа чипімен жұмыс істейді. Ол Apple процессорларының бұған дейінгі нұсқаларынан біршама қуатты. Бұрынғыларынан тағы бір ерекшелігі - смартфондардың сырты әйнек. Ақ, қызғылт, сұр түсте сатылатын жаңа телефондар Qi стандартты қуаттағышпен сымсыз зарядталады.

Бұдан бөлек, iPhone 8 бен iPhone 8 Plus экрандары True Tone технологиясын қолдайды. Сол арқылы суреттің температурасы қоршаған ортаға қарай ыңғайлана алады. 

[caption id="attachment_76667" align="alignnone" width="1440"] Фото: iphone8biz.com[/caption]

Жаңа смартфондарға 15 қыркүйектен бастап алдын ала тапсырыс беруге болады. Ал дүкендерге 22 қыркүйекте түседі. iPhone 8-дің бастапқы бағасы - 699 доллар, iPhone 8 Plus-тің құны - 799 доллар. Олардың 64 және 256 Гбайттық екі нұсқасы бар.

[caption id="attachment_76671" align="alignnone" width="2000"] Фото: iphone8biz.com[/caption]

Таныстырылымда елді елең еткізген өнім - IPhone X (он) смартфоны болды. Бұл өнім Apple компаниясының 10 жылдық мерейтойына арналғандықтан X атауы берілген. Яғни IPhone 10. Мұнда Home батырмасы жоқ. Диагоналі 5,8 дюймді OLED жақтаусыз дисплейге ие. Сонымен қатар екі камера, заманауи A11 процессоры және инновациялық графикалық чип орнатылған. AirPower сымсыз қуаттау құралы бар.

[caption id="attachment_76668" align="alignnone" width="827"] Фото: iphone8biz.com[/caption]

Мерейтойлық смартфонға 27 қазаннан бастап тапсырыс жасауға болады. Бастапқы бағасы 999 доллардан басталады.

Похожие материалы