Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple наурызда IPad планшетінің жаңа үлгісін таныстырады

Apple наурызда IPad планшетінің жаңа үлгісін таныстырады

Apple Inc. компаниясы наурыз айында  iPad планшетінің жаңа үлгісін таныстыруы мүмкін, деп хабарлайды 9to5Mac порталы.

Компания Apple Pencil стилусымен бірге жаңа гаджетті тестен өткізу жұмыстарын бастап жатыр. Жаңадан шығарылатын планшетінің экран жалпақтығы 9,7 дюймді құрайды.

Apple аталған планшетпен қоса жаңа 4 дюймдік iPhone 5SE смартфонын және Apple Watch сағатының жаңа моделін ұсынады.

Гаджеттердің таныстырылым күні әлі белгіленген жоқ, алайда 14 наурыздан кейін өтеді деген болжам бар.

Фото: ru.gecid.com

Похожие материалы