Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple компаниясы жаңа iPod touch музыкалық плеерін таныстырды

Apple компаниясы жаңа iPod touch музыкалық плеерін таныстырды

Apple компаниясы өзінің Aplle Store дүкендер желісінде жаңа iPod touch музыкалық плеерін таныстырды.

Құрылғы жаңа iSight 8 мегапикселді камерасымен және қанықтығы жоғары Face Time HD камерасымен, iPhone 6 смартфонындағыдай А 8 процессорымен жабдықталған. Экран диагоналі – 4 дюйм, Retina технологиясымен жасалған. Ал, бағалары плеер жадысының көлеміне қарай  16 Гб моделі – 199 доллар, 32 Гб моделі – 249 доллар, 64 Гб моделі – 299 доллар көлемінде болмақ. Сонымен қатар, 399 доллар тұратын 128 Гб моделі де шығарылады деп күтілуде. Аталған құрылғы сатылымға 17 шілдеде шығады.

Похожие материалы