Экономика
IT, Технология
Apple смартфон сатылымынан биыл тағы да рекорд орнатуға уәде берді
Өткен жылғы iPhone 6 сатылымы жасаған рекорд биыл тағы жаңаратын болады. Бұл туралы Reuters компания жасаған мәлімдемеге сүйене отырып хабарлайды. Компанияның айтуынша, құрылғы сатылымы бір аптаның өзінде 10 миллионнан асады.
«iPhone 6s пен iPhone 6s Plus сатылымдары өте белсенді жүріп жатыр. Тіпті қызғылт түсті моделі алдын-ала тапсырыс беру ашылған сәтте-ақ таусылып қалғанын жазған болатынбыз.
Осы жолы Apple алдын-ала тапсырыс беру санын 24 сағат ішінде жариялай қоймады. Сарапшылардың пікірінше, жаңа модельдерге алғашқы тәуліктің ішінде 4,5 млн-ға жуық тапсырыс келіп түскен. Өткен жылғы көрсеткіш - 4 млн болып, рекорд орнатқан болатын.
Соңғы тоқсандарда Apple компаниясы түсімінің 60 пайыздан артығы смартфон сатылымынан түскен. Сол себепті смартфон сатылымдары арқылы пайдағы кенелу компания үшін аса маңызды.
iPhone 6s және iPhone 6s Plus сатылымдары АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия, Франция мен Жапонияда 25 қыркүйектен басталады.