Apple Watch сағаттарының ең қымбат үлгілері бір сағат ішінде сатылып біткен
АҚШ пен Қытайда құны 10 мың доллар мен 17 мың доллар арлығындағы Apple Watch сағаттарының ең қымбат үлгілері бастапқы онлайн тапсырыстарды қабылдау басталған мезеттен бір сағат ішінде сатылып біткен деп хабарлайды Financial Times.
Сағаттың бағасы 349 доллар мен 17 мың доллар аралығында құбылатын кейбір басқа үлгілері де алғашқы минуттардың ішінде сатылып болған. Сағаттарды Канадада, Австралияда, Қытайда, Францияда, Германияда, Жапонияда, Англияда, АҚШ-та және Гонрконгта сатып алуға болады.
Piper Jaffray аналитигі Джин Мастердің пкірінше, Apple сатылымның бірінші тәулігінде 300 мың бастапқы тапсырысты қабылдаған, ал бірінші демалыс күндерінде бұл сан 1 миллионға жетуі мүмкін. Дж.Манстер 2015 жылдың қыркүйегінде аяқталатын қаржылық жыл ішінде 8 млн сағатты өткізіп, $4,4 млрд пайда табады деп отыр. Bloomberg агенттігі сұрастырған басқа аналитиктер компания шамамен 14 млн сағат сатады деп болжам жасады.
Осындай ажиотажға байланысты Apple сайтында сағаттың көпеген үлгілері клиенттерге сәуірдің аяғына дейін жеткізілетіндігі туралы ақпарат пайда болды, ал ең қымбат үлгілерін сатып алғандар үшін күтетін уақыттары алты аптадан асуы мүмкін: сағаттар маусымда, ал кейбіреулері тіпті тамызда жеткізіледі.