Apple өзінің сайтында технологиялық қолдау ретінде Windows 10-ның өзгерілген түрін орналастырды. Сайтта Microsoft ОЖ-ның үйреншікті терезе секілді трапециялары бөлек және терезе жақтаулары басқалай сызбамен суреттелген. Бұған баса назар аударған Business Insider деп жазады lenta.ru.
Ал сайт парақшасындағы қалған логотиптер еш өзгеріссіз суреттелген. Алайда олардың барлығы Apple сервистері iOS, OS X жіне iCloud-қа тиесілі.
Қыркүйек айының соңында Apple-дың бас директоры Тим Кук BoxWorks конференциясында Microsoft-қа деген өз ойын білдірген еді: «Apple және Microsoft, әрине өз араларында бәсекелес. Алайда біз бәсекелес болудан гөрі серіктес болатын жобалар өте көп. Бұны клиенттерде қалайды. Apple қолданушылары Office-ті жақсы көреді және оның Windows-та жұмыс істегеннен гөрі Mас-та істегенін қалайды. Солай болу керек».