Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Апта басында доллар 380,2 теңгеден сатылып жатыр

Апта басында доллар 380,2 теңгеден сатылып жатыр

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,27 теңгені құрады. 5 сәуірдегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,70 теңге/$1) ұлттық валюта 0,57 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 380 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,59 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,59 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 35 млн 990 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 87.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 382 теңге, Алматыда – 382 теңге.

Ұлттық Банктің 8 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,84 теңгені құрайды.

Похожие материалы