Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Апта басында теңге нығайды

Апта басында теңге нығайды

Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 352,90 теңгені құрады. 21 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда (352,09 теңге / $1)  ұлттық валюта 0,81 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 352,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 355,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 355 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 84 млн долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 154.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 358 теңге, Алматыда – 358 теңге.

Похожие материалы