Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Апта басында теңге нығайды

Апта басында теңге нығайды

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,57 теңгені құрады. 5 қазандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (373,66 теңге / $1)  ұлттық валюта 2,09 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 371,07 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 373 теңге, жабылу курсы бір долларға 371,38 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 38 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 109.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 374,7 теңге, Алматыда – 374,5 теңге.

Похожие материалы