Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 319,65 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,45 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 319,80 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 319,48 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 67 млн 350 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 150.
Ақша айырбастау орындарында 6 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 321 теңгені құраған.