Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 2 ақпандағы доллардың орташа бағамы 321,68 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 321,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 322 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 321,95 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 80 млн 650 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 114.
Ақша айырбастау орындарында 2 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.05) Алматыда 323,50 теңгені құраған.