Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ доллары 341 теңге деңгейінде саудалануда

АҚШ доллары 341 теңге деңгейінде саудалануда

2016 жылдың 29 наурызында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 340,81 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 338,45 теңгені құрады. Максималды курс — 342,70 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 342,70 теңге болды.

Таңғы сессияда сауда көлемі 85 млн 950 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 179.

Ал ақша айырбастау орындарында 29 наурыздағы доллардың максималды курсы — 343 теңге (Алматы уақытымен 11:00).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы