20 наурыз күні АҚШ-тың Қаржы министрлігі алдағы уақытта доллар дизайнының өзгеретінін мәлімдеді. Министрлік хабарламасына сәйкес, АҚШ валютасында алғаш рет құлдар үшін күрескен және аболиционшы әйелдің бейнесі болмақ. Ал АҚШ ақшасының жаңа дизайны айналымға шықпас бұрын оның бұған дейін қалай өзгергеніне көз жүгіртіп көрейік.
[caption id="attachment_41528" align="alignnone" width="720"] Фото: Museum of American Finance / Wikipedia[/caption]Мэриленд штатындағы 1 доллар, 1770 жыл. XVIII ғасырдан бастап Солтүстік Американың британдық 13 калониясында ақша басылып шыға бастады. Шығарылған ақшаны бірі доллар десе, бірі британдық манер, енді бірі шиллинг, пенса деп атады. Бұл ақшаны қолдан жасайтындар көбейгендіктен, билік купюраны қорғаудың тәсілін ойлады. Купюраға өте қиын өрнектер мен табиғи жапырақтарды пайдаланды. Тіпті зиянкестердің әрекетінен сақтау үшін "жалған ақша үшін өлім" деген фраза қолданылды.
1779 жылы шығарылған 50 доллар. Көп ұзамай Американың тәуелсіздігі үшін басталған соғыстан соң Континенталды Конгресс тұңғыш ұлттық валюта АҚШ долларын шығаруды бастады. Британдықтар бүлікшілерге қарсы экономикалық соғыс аясында барлық жасанды ақшаларды нарыққа шығарды.
Континенталды долларды безендіру барысында колониялық банкноттар қайталанып отырды. Осы кезде алғаш рет әлі аяқталмаған 13 колония пирамиданың бейнесі пайда болды.
ХІХ ғасырдағы "жабайы" банкнота үлгісі. Соғыстан кейінгі тұрақтылық жағдайына байланысты 1792 жылы Америкада "Монеталық акт" пайда болды. Бұл нақты монеталық жүйенің қалыптастырып 10 доллардан бастап центке дейінгі ақша мемлекеттің монеталық алаңында жасалды.
1862 жылы Конфедерация шығарған 10 доллар. Мұнда мақта жинап жатқан қара нәсілді ер адам бейнеленген. Азамат соғысынан кейін солдаттардың арызы бойынша ақша төлеу үшін осы жылдары Оңтүстік және Солтүстік Америка банкноталарды жиі шығара бастады. Бұл кезде доллар дизайны тұрақсыз болғанмен америкалық долларлар арасында ерекше сипатқа ие болды яғни өте қарапайым әрі екі түсте мөрленді.
1862 жылғы шығарылған екінші 10 доллар. Осы жылы Солтүстік Америка 50 млн долларды өндіру туралы заңды ұсынғанмен 1863 жылы мұның бәрі айналымнан шығарылды.
1862 жылы шығарылған 10 долларлық гринбэктің артқы беті. Бұл ақша ХХ ғасырдың ортасына дейін айналымда болды. Мұны қазыналық билет деуге болады.
Марта Вашингтон бейнеленген банкнота. 1886 АҚШ Қазынашылары алғаш рет әйел адам бейнесін басып шығарды. Ол мемлекеттің алғашқы ханымы - Марта Вашингтон.
1865 жылы жылы шығарылған 500 доллар. Бұл номинал 1933 жылға дейін айналымда болды.
Алтын сертификатты 20 доллар, 1905 жыл. ХХ ғасырда Америка билігі қазіргі долларға ұқсас номиналды жасап шығарды. Оның қазіргі банкнотадан айырмашылығы алтын түстес және үш түрлі түспен мөрленген.