AR ағылшын тілінен аударғанда «қосалқы шындық» деген мағына береді. Түсінікті тілмен айтсақ, AR – қоршаған ортаны толықтырып жақсарту үшін ақпаратты компьютерлік бағдарламалардың көмегімен өңдеу. Ал VR дегеніміз – виртуалды шындық. Виртуалды және толықтырылған кеңістіктегі реалды әлем туындылары әлемдегі озық технологиялардың бірі. Мұндай технологиялық жетістіктер Қазақстанда да бар.
Zhanuar 4D
[caption id="attachment_97532" align="aligncenter" width="1024"] Фото: Асия Смайыл[/caption]Көрме ұйымдастырушысы Sana Academy бағдарламалау мектебі жанды карталар жасаумен айналысады. Sana Academy екі түрлі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі – білім беру саласы. Мұнда 8-14 жас аралығындағы балаларға компьютер курсы оқытылып, робототехника, логика сабақтары жүргізіледі. Жұмыс істеп жатқан екінші бағыты – жаңа технологиялық өнім жасау. Zhanuar 4D – осы орталықтың еңбегінің жемісі. Мұндай өнімдерді жасау туралы ой балаларға арналған 3D модельдеу анимация курсы кезінде пайда болған екен.
Zhanuar 4D карталарының көмегімен қолданушы жануарлардың тек суреті мен атын ғана үйреніп қоймай, мобильді қосымшаның көмегімен карталарды сканерлеу арқылы түрлі жан-жануарлардың бейнесін көріп, дауысын естуге мүмкіндік алады.
Baksha 4D [caption id="attachment_97539" align="aligncenter" width="5184"] Фото: Асия Смайыл[/caption]Baksha 4D деп аталатын карталардың да қызметі Zhanuar 4D жобасына ұқсас. Сәйкесінше, картадағы көкөністер мен жемістер сөйлеп, қолданушыға қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қызықты қосымша ақпарат береді.
Бағдарлама көмегімен балалар жемістермен, түрлі объектілермен 3D түрде толық таныса алады. Sana Cards өнімдерінің бағасы өнімдерінің бағасы 3000 теңге көлемінде. Әрбір жинақта бау-бақша өнімдерінің 28 түрі қамтылған.
Sana Academy бағдарламалау орталығының басшысы Нұрсұлтан Әжімұратов алдағы уақытта қазақ тілінің латын әліпбиін үйрететін жаңа жоба жасамақ ниетте екенін айтады.
«Бірлігіміз жарасқан» кітабы
[caption id="attachment_97543" align="aligncenter" width="5184"] Фото: Асия Смайыл[/caption]Кітап оқитындардың қатары сиреп кетті. Бұл мәселені қалай шешу керек деген сауал көпті мазалайтыны анық. Жақында Thousand IT компаниясының бағдарламалаушылары бұл сұрақтың жауабын тапты. Олар жанды кітап жасап шығарды. «Бірлігіміз жарасқан» атты жеті беттен тұратын AR-кітаптың әрбір бетін ашып, смартфонға жүктелген арнайы мобильді қосымшаның көмегімен іске қоссаңыз, кітаптағы әңгіме мен кейіпкерлерге жан бітеді. Кітап кейіпкерлері ән айтып, би билеп, күй шертіп, түрлі аңыз-әңгімелерді айтып бере алады. Кітаптың кейіпкері ретінде Сәрсенбай атаның образы таңдалған. Жаңа кітап сатылымға қараша айынан бастап шығады.
Orbi prime [caption id="attachment_97545" align="aligncenter" width="1200"] Фото: Htstatic.imgsmail.ru[/caption]Әлемдегі 360 градуста видео түсіре алатын ең алғашқы көзілдірік – Orbi Prime деп аталады. Orbi Prime компаниясын құрушылардың бірі – қазақстандық Әділ Сұраншин мен петербургтік Александр Морено көрмеде жаңа өнімді таныстырды. Бұл көзілдіріктің қарапайым 360 градустық камералардан ерекшелігі – ыңғайлылығында. Видео түсіру үшін үлкен камеранығ оны бекітетін басұа да құрылғыларды бірге тасып жүрудің қажеті жоқ. Көзілдіріктің алдында және артында камера орналасқан. Камера арқылы түсірілген видеоларды телефоннан бірден өңдеп, пайдалана беруге болады.
«Тарихи жол» гид-қосымшасы [caption id="attachment_97544" align="aligncenter" width="4272"] Фото: Асия Смайыл[/caption]Қазақстанда тарихи мекендер мен ескерткіштер, кесенелер мен киелі жерлер көп. Бірақ, ол жерлердің барлығы таныстырушы мамандармен қамтылмаған. Тіпті, кейбір тарихи ескерткіштердің тарихын жергілікті халықтың өзі жете біле бермейді. Соған қарамастан, Қазақстандағы ескерткіштер мен тарихи орындар зерттеушілер мен туристердің сұранысына ие.
Осыған орай AVSoftware компаниясы «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламалары аясында «Тарихи жол» атты мобильдік қосымша жасап шығарды. Мобильді қосымшада Қазақстанның киелі аймақтары туралы мәліметтер қазақ, орыс, ағылшын, қытай және түрік тілдерінде жинақталған. Бағдарламаның басты ерекшелігі – оффлайн режимде де жұмыс жасай беруінде. Себебі еліміздің барлық жерінде ұялы байланыс бірдей дамымаған. Әсіресе, тарихи орындар елді мекендерден шалғай орналасқанын ескерсек, «Тарихи жол» жобасы қолданушылар үшін тиімді.
«Тарихи жолдың» ерекшелігі – тарихи маңызы бар жерлерде орнатылған QR-кодты сканерлеу арқылы телефоныңызға жанды гид жасай аласыз. Жанды гид тарихи тұлға рөлінде көрініс береді және гид ретінде сізді орын туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының киелі аймақтарының көрінісін 360 градустағы видео және фотопанораманың көмегімен тамашалауға мүмкіндік бар», – дейді AVSoftware компаниясының мүшесі Арман Есенғожинов.
Singularity Lab [caption id="attachment_97542" align="aligncenter" width="4272"] Фото: Асия Смайыл[/caption] Singularity Lab - интерактивті зертхананың атауы. Ол Қазақстанның заман талабына сай алға дамуын қолдап интерактивті медиа және AR, VR жобаларды іске асырумен айналысады. Команда мүшелері трансгуманистік көзқарастың қолдаушылары. Олар технологиялық біртектілік концепциясын ұстанады.Осыған дейін Singularity Lab зертханасы арихектуралық жұмыстарды, проекцияларды 360 градуста тамашалауға мүмкіндік беретін технология жасады.
Fade in [caption id="attachment_97547" align="aligncenter" width="2048"] Фото Fade in парақшасынан алынды[/caption] Fade in ойын жасау студиясы отандық ойын түрлерін жасайды. Fade in командасындағы 4 жігіт Қазақстандағы Game Developmen-ті дамытумен айналысады. Көрмеде студияның өкілі Сәкен Сыдықов ғаламтордағы ойындардың қалай жасалатынын, ойын жасаушылар пираттық әрекеттерге қалай қарсы тұратынын айтып берді. Fade in студиясы Animja атты ойынмен танымал болған. Қазір түрлі тапсырыс берушілерге арналған бағдарлама жасаумен шұғылданады.