Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыда кремний зауытынан қоршаған ортаны ластау залалы үшін 259 млн. теңге өндіріп алынды

Қарағандыда кремний зауытынан қоршаған ортаны ластау залалы үшін 259 млн. теңге өндіріп алынды
Табиғат қорғау прокуратурасының «SiliciumKazakhstan» ЖШС-ның қоршаған ортаны ластаудан болған залалды мемлекеттік табысқа 259 млн. теңге мөлшерде өндіріп алу туралы арызталаптары толық көлемде қанағаттандырылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен. «Қарағанды облысының мамандандырылған Табиғат қорғау прокуратурасы және Экология департаменті  «Silicium Kazakhstan» ЖШС-інде ҚР экологиялық заңнамасын ұстану мәселесі бойынша тексеріс жүргізді. Кәсіпорын жұмысының басты бағыты жоғары қоспаланған болат өндіретін металлургиялық кәсіпорынға кремний өндіру болып табылады. Оның үстіне, шикізат балқытуға және кремний өндіруге арналған рудотермиялық пештер атмосфералық ластануға әкеліп соғады. Тексеріс барысында кәсіпорынның жыл бойына ластағыш заттардың атмосфераға шығарылуына алып келген түтін газын тазалау процесінде жобалық шешімнің және экологиялық талаптардың бұзылуы анықталды», делінген хабарламада. Экология департаментінің есептеуі бойынша, ауаның ластануынан болған сыртқы ортаға келтірілген залал мөлшерінің экономикалық бағалануы 259 млн. теңгені құрады. Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша Табиғат қорғау прокуратурасының «Silicium Kazakhstan» ЖШС-інен оның қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 259 млн. теңге өндіріп алу туралы арызы толық көлемде қанағаттандырылды. ҚазАқпарат

Похожие материалы