Арсеньев қаласының автокөлік жүргізушілері жергілікті билік өкілдерінің назарын жол мәселесіне аударту үшін шұңқыр қазып, ішін ақшамен толтырып тастады.
"Делдалсыз жол салығы" флешмобы барысында шұңқырға бірнеше шелек тиын мен мың рубльге дейінгі номиналды қағаз ақшалар салынған. Шұңқырдың бетін түгелдей цементтеген. Осылайша қаражатты қымбат салыққа жұмсағанша, жолға шұңқыр етіп қазған артық дегенді түсіндірмекші болды.
Акцияның видео-нұсқасы YouTube желісіне салынған. Видеода жолдың жағдайының мәз емес екендігі де көрсетілген.
Арсеньевтің әкімшілігі жол жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі қар кеткен соң басталатын айтты.
2015 жылдың наурыз айында мемлекеттік Дума көлік салығын жою туралы мәселені қарастырды. Себебі, оны жинау жолы өте қиын. «Бүгінде Ресейлік азаматтардың 45 миллионға жуығы көлік салығын төлеуге міндетті. Меніңше, көлікке салынған салық жанар-жағармай бағасы болғаны жеткілікті», — деген ұсыныс айтты мемлекеттік Думаның көлік комитетінің басшысы Евгений Москвичев.
Ресейде көлік салығының көлемін аймақтық билік органдары белгілейді.