Қазақстан. 4 мамыр. 7kun.kz – Кеше белгілі актер Асанәлі Әшімовтің көлігінің нөмірі түсірілген видео қоғамда қызу талқыланған еді. Онда актер мемлекеттік нөмірдің орнына «ASANALI» деп жазылған нөмір тағып алған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Осы оқиғаға байланысты Асанәлі Әшімов Qazaqstan арнасының «1001 түн» бағдарламасында пікір білдірді.
«Құрметті әлеумет, мен жаңа ғана жолдан келдім. Менің көлік нөмірім әлеуметтік желіде шу болып жатыр… Менімен бірге екі кино түсірілім тобы жүр, сол кино үшін уақытша ғана тағылған. Оны ылғи тағып жүрмеймін, білемін ғой. Тәртіп бұзбасақ, бір мезгіл жарты күнге тағуға болады ғой. Жолда және көшеде түсірді. Бұл менің деректі фильміме шығатын нәрсе», – деді белігілі актер.