Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық мұнай компаниясына хакерлік шабуыл жасалды

Қазақстандық мұнай компаниясына хакерлік шабуыл жасалды

Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz - Атырау облысындағы «Қашаған» кенішінде мұнай игеріп жатқан компанияның серверлеріне хакерлік шабуыл жасалды. Бұл мәліметті компанияның баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың айтуынша, кеше сағат 18:00 шамасында мекеменің ақпараттық қауіпсіздік жүйесі ішкі серверлерге вирус енгенін анықтаған. Осыған байланысты компанияның почтасы мен ғаламтор желісі уақытша сөндірілді. Қазір мамандар хакерлік шабуылдың салдарын жоюға кіріскен.

Естеріңізге сала кетейік, «Қашаған» кенішін барлық еншілес кәсіпорынның атынан «Солтүстік Каспийді игеруші компаниялар тобы» басқарады. Хакерлік шабуыл кеніштегі мұнай өндіру жұмыстарына әсер еткен жоқ.

Теңіздің жасанды аралдарындағы өндіріс пен құрлықтағы «Болашақ» мұнайды кешенді өңдеу зауытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес жүріп жатыр.

Похожие материалы